Мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысындағы тиімді тәжірибені анықтау, сондай-ақ парламенттік қозғалыс қызметін ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында Степногорск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында 2025 жылғы 7 ақпанда «Үздік мектеп парламенті» қалалық байқау өтті. Байқауға Степногорск қаласындағы мектептердің балалар өзін-өзі басқару 14 парламенттері қатысты.
Байқау нәтижелері:
Гран-при: №3 КМЛ
1-орын: №4 МГ
2-орын: №1 ЖОББМ, №6 МГ, Ақсу кенті №1 ЖОББМ
3 орын: №7 ЖОББМ, №8 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, Қырыққұдық ауылының ЖОББМ.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
№2 ЖОББМ – «Креативті ойлау»
№5 КМЛ – «Көшбасшылық шабыты»
Заводской кентінің ЖОББМ – «Заман ағымына сай»
Ақсу кентінің №2 ЖОББМ - «Топтың бірлігі»
Қарабұлақ ауылының ЖОББМ - «Жылдың үздік жобасы»
Байқаудың қорытындысы бойынша №3 КМЛ командасы облыстық «Үздік мектеп парламенті» байқауына қатысады.