Кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыстың жаңа формаларын іздеу – әрбір маман үшін маңызды шарттардың бірі. Аға тәлімгерлер де өздерінің біліктіліктерін үнемі дамытып отырады.
2025 жылдың 31 қаңтарында Степногорск қаласының мектептеріндегі «Балалық шақ штурмандары» МКҚК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында» бас қосып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту мәселелерін талқылады.
Семинардың жаңа форматы әрбір тәлімгерге тек қатысушы ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибесімен бөлісуге, практикалық жаттығулар өткізуге, тәлімгерлік дағдыларын көрсетуге және әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік берді.
Семинар мазмұнды, нәтижелі және қызықты өтті. Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, олардың азаматтық ұстанымының қалыптасуына атсалысу – Тәрбиелік бағдарламаның құндылықтарын дамыту үдерісімен тығыз байланысты.
Жұмыс істейміз! Дамытамыз! Жүзеге асырамыз!