«Ата-аналардың білім беру процесінде қызығушылығы мен қатысуы оның нәтижесінің сапасы үшін қажетті шарты» баяндама
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында
мұғалімдер балаға үлкен адамдық бағыт, білім беруі мүмкін»
В.А. Сухомлинский
Мектепке дейінгі балаларға қосымша білім беру –үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі. Педагог – рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман.Үйірме арқылы мектепке дейінгі балалардың бос уақытын ұтымды пайдалануға, бойда ашылмай жатқан сан қырлы талантты ұштап, өрбітуге мүмкіндік беретін тәрбие жолы десек қателеспейміз. Балалардың тілін, ойын дамыту үшін жыл сайын болатын мерекелерге қатысты тақпақтар жаттаймыз. Мен ата-ананың қазақ тілі үйірмеге қызғушылығы мен қатысуы үшін балалардың бойындағы дарындылығын тексеру мақсатында «Мәнерлеп оқу» байқауына тәрбиеленушілерді қатыстырып тұрамын. Ешқандай ата-аналар маған қарсылық білдірген жоқ. Қай ата-ана болсын өз баласын қатыстыруға тырысады және қуана-қуана берілген тапсырманы орындайды.Осы байқауларда ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болып жүрміз. Бұл өте қуантарлық нәтиже деп ойлаймын.«Школа Радости»студиясының тәрбиеленушілермен Наурыз мерекесі мен Алғыс күні мерекесіне арналған ашық сабақтар өткізілді.Осы сабақта балаларға қазақ халқының ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары насихатталып көрсетілді. Ата-аналармен осындай жұмыстар атқарылып келе жатыр.
Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Ол үшін бірінші шығармашылыққа бет бұрған тәрбиеленуші отбасымен қосымша білім беру педагогінің тығыз байланысы, ынтымақтастығы бірінші орынға шығады. Шығармашыл тұлғаның қалыптасуына педагог пен қатар отбасының рөлі жоғары деп санаймын. Егер отбасы дарынды баланы толық қолдамаса, онда баланың шығармашылық болашағы тоқтап қалуы әбден мүмкін.
Уақытты тиімді өткізу әсіресе бала тәрбиесінде өте маңызды.Баланың уақытын қалай басқарған жөн? Оны қандай үйірмеге берген дұрыс? деген сұрақтар туындауы мүмкін. Балаларын мұғалімдерге сеніп тапсырған ата-аналардың көңілі жай болу үшін педагогтің сапалы білім беруіне көп күш жұмсалуы тиіс.Мектепке дейінгі балалар мұнда уақытын тиімді өткізеді. Пайдалы әрі өздері қалаған іспен айналысады. Ата-аналар балалардың логикалық және зияткерлік ойлау қабілеті дамығанын қалайды. Сондай-ақ темірдей тәртіпке үйренсе дейді.Бұл тұрғыда үйірмелер таптырмас құрал болып саналады.
Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы балаларды өнерге баулып шығармашылығы дамыту үшін барынша істеуде. Өз жұмысымды үздіксіз және үзіліссіз жалғастырып жатырмын. Десе де ұстаздардан талап ететіні сапалы білім. Ал, ата –аналар тәжірибелі, сапалы орталықтарға бергісі келеді.Сондықтан сапаға қарай жұмыс жасауымыз тиіс. Баланың ой- өрісінің қалыптасуы күрделі процесс.Білім беру жүйесіне құрамдас баланың шығармашылық қабілетімен дербестігін дамытатын ұтымды тағы бір жолы үйірме екені белгілі. Осындай балалардың ашылмаған сан қырлы талантын ашуға септігін тигізіп жүр. Балалармен жұмыс жасау оңай емес. Өзге ұлттың балаларын мен өзіміздің қара көз балаларына қазақ тілге деген сүйіспеншіліктері ерекше болуына көп назар аударуым керек деп ойлаймын. Бұл жаңашылдық баланың кез келген үйірмеге баруына қолжетімді етеді. Үйірменің балалар үшін маңыздылығы баланың мәдениетін қалыптастырады «Тәрбиесіз берген білім, адамзаттың қас жауы дейді», - ұлы ғұлама Әл- Фараби. Ал, рухани мәдениеттілік адамзаттың асыл бастауы. Сондықтан тәрбие бұл эстетика, жалпы өнерді түсіну үлкен бақыт. Әрбір ата-ана баласының жарқын болашағын армандайтыны рас. Жалпыға бірдей білім беру шаңырақтарының өскелең ұрпақ тәрбиелеуде орны мызғымас екені даусыз.Табысқа жетіп, биіктерді бағындырған кез келген тұлғаның негізі балалық шақта жатыр. Жетіліп келе жатқан жастың қабілетін ерте бастан анықтап, тұлғалық жағынан қалыптастыру ата-ана үшін, үлкен еңбекпен қажыр-қайратты талап етеді. Қабілет әрбір баланың бойында болады. Тек соңы дер кезінде байқау қажет. Қабілетті: есту, көру, сезіну осы үш жүйе арқылы анықтауға болады
Баланың бос уақытын тиімді өткізу мәселесі ата-аналар үшін маңызды. Сондықтан түрлі үйірмелерге беріп, жан-жақты жетілуі үшін барын салады.
Ойын үрдісі барысында баланың қызығушылығын анықтауға болады. Мысалы, бала музыкаға, спорттық ойындарға немесе сурет салуға қызығуы мүмкін. Жас жеткіншектің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктері әр түрлі болады. Бірі- белсенді, ал енді бірі- тұйық келеді. Десе де баланың өзіне тән мінезі болады, сол жағдайға мән беруіміз керек. Ол бала өзінің қызығушылығын ашық айта бермеуі мүмкін.
Балаларды тәрбиелей келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаратып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын, әлеуметтік деңгейдің төмендеуін, отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б келтіруге болады. Сондықтан шығармашылық орталықта адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі шығармашылық орталықта тек балаларға адамгершілік,коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе бұл ынтымақтастықты қалыптастыру ерекше орын алады.
Баланың бірінші ұстазы-ата-анасы деп тегін айтылмаған.Балабақша болсын, мектеп болсын ең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы, әдеті мен түсініктері бар.Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық.Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы шығармашылық орталыққа дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап, атсалысуын қамтамасыз ету.
Тәрбиеленушілердің тәрбиесінің нәтижелігі ата-ана мен ұстаз жұмысының бірлескен әрекетінде. Тәрбие болған жерде білім, өнеге сөзсіз қалыптасады. Ал тәрбие қайдан келеді? Ең бірінші – отбасынан, қазақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған.Шығармашылық пен ата-ана арасындағы байланыс өте тығыз болуы керек. Тәрбие саласындағы олқылықтың орнын толтыру үшін ынтымақтастық педагогикасын жаңғыртуымыз керек. Мұғалімдердің ескертпелеріне ата-ана құлақ асып, екі жақ бір-бірін тыңдай алғанда ғана бір нәтижеге қол жеткіземіз.
Педагог пен оқушының қарым-қатынасы өзара байланысты, келісілген әр түрлі формада, түрде және жағдайда іске асатын байланыстың тізбегін ұсынады. Бұл тізбекте ерекше рөлде мұғалім өткізетін сабақ атқарады. Кез-келген пән тәрбиелеу ісіне белгілі бір негізде әсер етеді. Ол рухани байланысу, өз ойларымен алмасу, салмақты түрде әңгімелесу. Дегенмен, сабақтың мазмұны есте қалу, мұғалім мен оқушының ашық қатынасуы үшін сабақ үйретудің сапалы жұмысын әрқашан қадағалау қажет.
«Әрбір орталықтағы сабақ қарым-қатынас түрі ретінде ақпаратпен алмасу, осымен қатар немесе осымен бірге бір бұрышында басқаша ұйғарылуы, кез-келген сабақ – іскер қарым-қатынасты тәртіпті, өнерді, ынтаны,өз беттілікті қалыптастыруға бейне бере алады. Тәрбиелеу элементі ғылымды үйретуде, мұғалімнің өз ғылымына деген махаббатында және оны оқушыға бере алуында»- деп Л.Н.Толстой тура көрсетіп айтқан. «Тәрбиеленушіні ғылыммен тәрбиелегің келсе, — деді ол — өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің сүймесең, онда қанша күш алсаң да ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.»
Құрметті, әріптестер осындай жағдайда да сыпайлылық, мейірімділік қасиеттерін ұяластырып, сабырмен, ақылмен шешуге үйренейік. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық-психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз. Ата-анамен байланысты тек қана мамандық міндетім деп емес, қызықты, білімді көп тоқыған әңгімелесушім деген ойменен жасаған дұрыс. Ата-анамен жан-жақты байланысу – ол мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші.Ата-анамен педагогтің қатысуында араласқым келсе араласам, болмаса араласпаймын деген таңдау ереже бойынша жоқ. Оқушының жеткілікті жақсы жақтары үшін, оның рухани көңіл күйі үшін мұғалімге бұл таңдау бір мағыналы болып келеді, бұл жерде адамдық қарым-қатынастан айналып өту мүмкін емес. Сондықтан ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ ұрпағымызды ұлағаттылыққа тәрбиелейік!
Дайындаған:
қосымша білім беру педагогы
Анелова Ш.Н.