"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРЫНЫ.
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ  АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

, )N\vzq"EhھwX'

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар шығармашылығы үйінің жарғысы

ыыыыыыыыыыыыыыыы

                                                         1. Жалпы ереже

1.1. Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Балалар шығармашылық үйі) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, сонымен қатар  басқа да Қазақстан Республикасының  Үкіметімен бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылған және өз қызметін осы Жарғы негізінде жүзеге асырады.

1.2. Балалар шығармашылық үйінің  құрылтайшысы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы  орган) Степногорск қаласының әкімдігі болып табылады.

1.3.«Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  Балалар шығармашылық үйінің басқару органы болып табылады (бұдан әрі –уәкілетті орган).

1.4. Балалар шығармашылық үйінің толық атауы:

мемлекеттік тілде: Степногорск қаласы бiлiм бөлiмiнің жанындағы «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны»;

қысқаша атауы: Степногорск қаласы бiлiм бөлiмiнің жанындағы «Балалар шығармашылық үйі» БШҮ МКҚК.

Орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие «Дом детского творчества» при отделе образования города Степногорска.

1.5. Балалар шығармашылық үйінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы шағын аудан 7, ғимарат 56.

 

 

2. Балалар шығармашылық үйінің заңдық мәртебесі

2.1. Балалар шығармашылық үйі мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

2.2. Балалар шығармашылық үйі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі, бұраштама мөртабандары болады.

2.3. Балалар шығармашылық үйінің бөлімшелері мен өкілдіктері бар.

 

 

3. Қызметтің мақсаты, мәні және міндеттері

Шығармашылық және спортты дамыту орталығы

3.1. Балалар шығармашылық үйінің қызметінің мақсаты сапалы қосымша білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады :

3.1.1. Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтардың негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, балаларда жеке басты өзін-өзі билеуді дамыту үшін шарттарды құру, олардың қабілеттерін жүзеге асыру, қоғамда әлеуметтік өмірге бейімдеу, азаматтық сана-сізімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру;      

3.1.2. Олардың мүдделері мен қабілеттерін ескерумен балалар мен жасөспірімдердің дене даярлығын ұйымдастыру; спорт секцияларында және үйірмелерде жүйелі сабақтарға балаларды тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және олардың денсаулықтарын нығайтуға қажетті шарттарды құру.      

3.2. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Балалар шығармашылық үйінің  келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын  меңгеру  үшін  жағдай жасау;

2) тұлғаның шығармашылық, руханимүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтын және адамгершілік негіздерін қалыптастыру, тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау жолымен ақыл-парасаттылықтарын байыту;

3) тәрбиеленушілерді өз Отаны – Қазақстан Руспубликасына деген сүйіспеншілікке және азаматтыққа, халық дәстүрлерін қадірлеуге, ұлтының рухани құндылықтарын сақтауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу;

  1. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне  қатысуды қалыптастыру;
  2. Әлем және отандық мәдениеттің жетістіктеріне қатыстыру, тарихты , қазақ  және республикамыздағы басқа халықтардың салт-дәстүрлерін  үйрету, мемлекеттік, орыс тілін, шетел тілдерін игеру;
  3. «Школа радости», «Цветик-семицветик», «АБВГДЕЙКа» студияларында мектепке дейінгі жастағы балалар үшін мектеп алдыңғы дайындық бойынша шығармашылық бірлестіктерді ұйымдастыру;
  4. «Кудесники» театр студиясында, «Эксклюзив» ансамблінде, «Блейз» заманауи биінің студиясында, «Лира» фольклордық ансамбльде, «Пять+» вокалдық-эстрадалық студияда шығармашылық белсенділікті, сахналық мәдениетті, шеберлік дағдыларды және атқарушы ептіліктерді дамыту;  
  5. «Затейники», «Мягкая игрушка», «Өрнек», «Шебер», студияларында «Веселая радуга», «Чудо-мастера» үйірмелерінде меншікті стильді қалыптастыру, шығармашылық қиялды және елесті дамыту, сәндік-қолданбалы шығармашылықтың бірлестіктерінде әртүрлі материалдардың әдеби өңдеуін қолдана білуі;  
  6. «Жас Ұлан» РҚБ ББЖҰ жарғысына, «Жұлдыз» ББ БҚБО жарғысына сәйкес қала мен кенттердің мектептерінің балалар қоғамдық бірлестіктерімен өзара әрекеттескен кезде «Таңшолпан» жасөспірімдер-жастар орталығының жұмысында балалар қоғамдық бастамаларын дамыту; 
  7. Өзін-өзі басқару желісінде ерікті, қоғамдық-пайдалы қызмет және «Белая птица» клубы, «Актив» орталығы, «Школа вожатского мастерства», «Школа юного лидера» бірлестіктерінің қызметінде өзін-өзі басқару арқылы оқушыларды әлеуметтендіру;   
  8. Оқытудың жаңа IT-технологияларын енгізу, білімді ақпараттандыру, ақпараттық қамтамасыз ету, «Робототехника» және «Медиаорталық» бірлестіктерінде журналистиканың негіздеріне оқыту;  
  9. «Атамекен» үйірмесінде оқушылардың құндылықтар жүйесі арқылы мәдени, тарихи, ғылыми мұраның мұражайлық педагогикасын насихаттау; 
  10. «Арман», «Жас Улан», «Достык» аула клубтарында шығармашылық бос уақытты ұйымдастыру, сонымен қатар жазғы мектеп іргесіндегі алаңдар, «Елім-ай» қала сыртындағы лагерь, бейінді көшбасшылық ауысымдар арқылы оқушылардың жазғы демалысын және жұмысбастылығын ұйымдастыру;     
  11. барлық балалардың тәрбесі мен оқуын жүзеге асыру үшін кедергісіз ортаны құру, денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерімен балалар үшін «Балапан» ҚБ және түзету мектеп-интернатпен білімге мүмкіндікті ұйымдастыру, ынтымақтастықта ерекше білім беретін қажеттіліктермен балалар үшін кедергісіз ортаны құру;     
  12. Білім берудің ақпараттандырылған, жаңа оқыту  технологияларын енгізу;

17) барлық жастағы  балалардың шығармашылық өз ойларын білдіруге  қабілеттері мен ынталарын,сүйіспеншіліктерін дамыту;

18) оқушылардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдермен қарым-қатынаста болу;

19) оқушылардың үйде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультативтiк көмектi ұйымдастыру;

10) балалардың физикалық дамуы мен шынығуына, денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған  іс-шараларды жүзеге асыру;

20) жаттығу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

21) балаларды жеткілікті спорттық-сауықтыру жабдықтарымен қамтамасыз ету;

22) спорттық жиындарды ұйымдастыру және өткізу;

23) дарынды балаларды облыстық және республикалық олимпиадалар мен жарыстарға жіберу;

24) оқушылардың денсаулығын сақтау, бекіту және өмірдің салауатты өмір салтында және физикалық жетілдіруде қажеттілікті қалыптастыру;

25) спорт ойындарын меңгеруде қажеттілікті қалыптастыру: баскетбол, волейбол, футбол, хоккей;

26) шахматтар, дойбы үстел ойындарына оқыту арқылы шығармашылық және логикалық ойлауды дамыту;

27) тоғыз құмалақ, асық-ату, қазақша күрес секциялары арқылы ұлттық дәстүрлерге тарту;

28) Еркін күрес, дзюдо, самбо секцияларында жекпе-жектерге қызығушылықты баулу; 

29) Әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша, президенттік көпсайыс және жүзу бойынша президенттік сынақтаманың нормативтерін тапсыруға дайындық.  

30) білім беру саласында материалды-техникалық базаны дамыту және нығайту.

3.3. Балалар шығармашылық үйінің қызметінің заты болып білім саласында өндірістік-шығармашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады:

3.3.1. оқушылардың білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарында балалар, соның ішінде тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерінде ерекше білім алатын қажеттіліктермен балалар үшін қосымша білімнің бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру;

3.3.2. балалардың денсаулығын, олардың физикалық, интеллектуалды және адамгершілік дамуын сақтау және нығайту, мүдделерін қанағаттандыру, олардың бос уақытын, демалысын және сауығын ұйымдастыру, мәдени-спорттық массалық қызметті ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты өткізген кезде әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмекті көрсету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру.  

3.4. Қызметтің міндеттері:

3.4.1. Балалар шығармашылық үйі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

3.4.2. Балалар шығармашылық үйі білім берудің нысанының ланкестікке қарсы қорғанысы бойынша шараларды ұйымдастырады.

 

 

4. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру тізімі

4.1. Қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламасы оқушылар мен тәрбиеленушілердің және  мамандардың жан-жақты қажеттілігін қамтамасыз етуге  бағытталған.

4.2. Балалар шығармашылық үйі отбасы қажеттілігі мен балалардың  сұраныстарына, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (соның ішінде балалар мен жасөспірімдер), өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму  ерекшеліктері мен ұлттық-мәдени дәстүрлері есебімен қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын балаларға арналған өздігінен дайындайды.

4.3. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламасы, мемлекеттік басқару  органының  міндеттері  мен балалар шығармашылық үйімен орындалатын органдармен бекітіледі.

4.4.  Оқу-тәрбие процесі балаларға арналған спорт түрлерін ескерумен  жүзеге асырылады,  сондай-ақ  балалардың  жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балаға жеке қарым-қатынас мүмкіндігін, әртүрлі кіші топтармен жұмысты  іске асыруды көздейді.

4.5. Оқу-тәрбиелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік және нұсқамалық  жұмысты қосымша білім беру әдіскерлері және оқытушы-жаттықтырушылар  жүргізеді.

4.6. Қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламасының жүзеге асырудың  формасы мен әдістері, бірлестіктердің жас құрамы мен саны материалдық-техникалық жағдайлардан, санитарлық гигиеналық нормалардан,психологиялық-педагогикалық  мақсаттылықтан,білім беру  міндеттерінен шыға, педагогтармен өздігінше  анықталады.

4.7. Балалар шығармашылық үйінде балалар қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер  құрыла алады.

 

 

                             5. Білім беру  ұйымына балаларды қабылдау тәртібі

5.1. Балалар шығармашылық үйіне балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асады. Қосымша білім беру ұйымына балаларды қабылдаған кезде ата-аналарды немесе басқа заңды өкілдерді оқу-тәрбие барысының мазмұнымен, жарғымен, тағы да басқа құжаттармен таныстыру.

5.2. Балалар шығармашылық үйіне  балалар жыл бойы  қабылданады.

5.3. Демалыс кезінде балалар шығармашылық үйі аула клубтарын, мектеп алаңының түрлі топтарымен тұрақты немесе уақытша  балалар  құрамымен тұрғылықты мекенжай бойынша немесе өз базасында туристік базалар мен лагерьлер аша алады.

5.4. Балалар шығармашылық үйінде келесі бағыттар бойынша балалар ұйымы  қызмет атқарады: әлеуметтік-педагогикалық, сәндік-қолданбалы, азаматтық-патриоттық, туристік-өлкетану, көркемдік-эстетикалық, техникалық, спорттық секциялар.

5.5. Балалар шығармашылық үйінде дамыту орталығына 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

5.6. Балалар шығармашылық үйінде балалардың қызметі  қызығушылықтар бойынша  біржастағылар мен әртүрлі жастағылардың бірлестіктерінде жүзеге асады (ансамбль, клуб, үйірме, спорттық секция, студия, орталық, мектеп және басқа).

5.7. Оқыту  ұзақтығы мен әр топта балалардың топтасу нормасы, балаларға арналған қосымша білім беру   ұйымдарының қызмет түрлерінің нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес құрылады.

5.8. Сабақтар қосымша білім берудің оқу бағдарламасына  балаларға арналған сәйкес топтармен, жеке немесе барлық бірлестік құрамымен өткізіледі.

 Бірінші жылы әр  топтағы балалардың саны  10-нан-15-ке дейін , екінші  жылы және одан жоғары жылдарда -8-ден-12-ге дейін, зерттеу және эксперименттік  топтарда  6-дан -8-ге дейін.

5.9. Мектеп жасына дейінгі  балаларды  оқытуға арналған топтар  6-дан-10-ға дейін  балалар санын құрайды.

5.10. Ерекше білім алатын қажеттіліктерді талап ететін топтардағы балалар саны 3-тен-6-ға дейін болу керек.

5.11. Топтардың қалыптасуы балалардың  ерікті  таңдауларымен құрылады.

                                                   

 

6. Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі

6.1. Білім беру  процесін ұйымдастыру балаларға арналған қосымша білім беру   ұйымдарының қызмет түрлерінің нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес

айқындалып, реттеледі.

6.2. Педагогикалық қызметкерлер түрлендірілген,эксперименттік,авторлық бағдарламаларды ҚР «Білім туралы»  Заңына және  балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламасын іске асыратын, нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес дайындай  алады

6.3. Бірлестіктерде  қосымша білім берудің оқу бағдарламасын іске асыру кезіндегі  оқу –тәрбие барысын ұйымдастырудың негізгі формасы  бір тақырыптық бағыт  немесе жинақтық, біріктірілген бағдарламалар бойынша  сабақтар болады.Қосымша  білім берудің  білім беру бағдарламасындағы талаптарға байланысты сабақтар жыл бойына және қысқа мерзімге ұйымдастырылады.

6.4. Қыркүйектің 1-нен 14-не дейін бірлестіктерді  жинақтау  болады, 15-қыркүйек күнінен оқу сабақтары басталады.

6.5. Жаз кезінде  бірлестіктер  оқушылардың  тұрақты  және  ауыспалы құрамымен  арнайы кесте бойынша жұмыс істейді
6.6. Балалар шығармашылық үйі басқа білім беру  мекемелерінде, кәсіпорындарда, ұйымдарда  бірлестіктер құра алады. Олармен келісім шарттар жасалады.

6.7. Балалар шығармашылық үйінде оқу –тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақтар болып табылады, сабақтардың ұзақтығы 45 минут, қажет болған жағдайда жұпталған сабақтар өткізуге болады (90 минут)

6.8. Бірінші  оқу жылындағы топтардағы сабақтар  аптасына 4 академиялық сағат, екінші және одан әрі - 6 академиялық сағат,эксперименттік және зерттеу - 8 академиялық сағатқарастырылған.

6.9. Мектеп жасына дейінгі балаларға сабақ- аптасына 2 академиялық сағат, 25-35 минут өткізіледі.

6.10. Практикалық сабақтарды  өткізуге арналған сағаттар саны   тәулігіне өткізілетін  8 сағатқа негізделеді. (топсеруендер, жарыстар, концерттерге бару, экспедициялар)

6.11. «Білім беру объектісіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық  ережелерді  бекіту туралы» № 611 16.08.2017 жылдағы Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен бекітілген, Санитарлық ережелерге сәйкес, ата-аналардың қалауымен, жас ерекшеліктеріне қарай, оқушыларға қолайлы тәртіп  жасау есебімен балаларға арналған шығармашылық және спортты дамыту орталығының әкімшілігімен сабақ кестесі құрылып,бекітіледі.

6.12. Балаларды тәрбиелеу және оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

6.13. Қызмет түрі - мектептен тыс білім беру.

 

 

         7. Оқушыларды,тәрбиеленушілерді шығару тәртібі мен негізі.

7-1.1. Шығармашылық және спортты дамыту орталығынан балалар  келесі жағдайларда шығарылады:

1) әкімшілікке ескертпей, жеті сабақтан артық себепсіз сабақ босатса;

2) оқушыны шығару туралы мұғалімнің рапорты болған жағдайда;

3) дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасы негізінде оның қатысуына еш  кедергісіз, медициналық қарсы көрсетімнің бар болуы.

 

 

8. Ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі

8.1. Балалар шығармашылық үйі ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі мемлекеттік басқару органдарының келісімі бойынша, кәсіпорынның оқу бағдарламасына қосымша ақылы білім беру және сауықтыру қызметтерінің  жүйесі енгізіліп, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылады.

8.2. Балалар шығармашылық үйі уәкілетті  органдардың келісімімен ақылы  білім беру қызметін көрсетуге құқылы:

1) бұқаралық іс-шаралар, әдеби-музыкалық кештер, демалу кештерін, көркем өнерпаздар концерттерін, би кештерін, спорттық және сауықтыру  шараларын  ұйымдастырып, өткізуге;

2) ұлттық, карнавалдық, сахналық киімдер, аяқ-киімдер  мен оларға қажетті заттарды, туризм заттарын, музыкалық аспаптарды, спорттық құралдарды  жалға беруге;

3) балалардың ерте дамуына, балалардың мектепке дайындығы бойынша сабақтар өткізуге,топпен сауықтыру фитнестерін, аэробика сабақтарын, көркемдік;

4) кәсіпорындар мен ұйымдарға, басқа да азаматтарға өтінім бойынша  сценарийлер,қойылымдық жұмыстарды дайындауға;

5) педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың өз қолдарымен дайындаған  бұйымдарын,кәдесыйларын іске асыруға;

6) өнердің бірнеше түрі бойынша  мастер-кластар, билер, туристік машықтар(демалыс күндеріндегі топсеруендер,экологиялық  серуендерге қатысу, жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру)  үйретуге;

8) жазғы демалыстарды ұйымдастыруға.

8.3. Балаларға арналған балалар шығармашылық үйі  қосымша білім беру қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ақылы негізде білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді ұсынады, осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді.

 

 

9. Білім беру ұйымының оқушылармен,тәрбиеленушілермен немесе олардың ата-аналары  немесе өзге де заңды өкілдерінің қатынастарын дайындау тәртібі

9.1. Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдері құқылы:

1) баланың жеке басының  ерекшеліктері мен икемін есепке ала отыра  бірлестіктерді таңдауға;

2) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және  орталық пен оның бөлімшелеріндебалаларының тәртібі  мен келу  жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

3) баланың жан-жақты дамуына   жағдай жасауға ,балалармен жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) оқушыларға құрметпен қарауды талап ету;

5) педагогикалық қызметкерлер мен әкімшілікке өтініштермен жүгінуге құқылы.

6) қамқоршылық қенесінде болу;

9.2. Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдері міндетті :

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, рухани тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) білім беру ұйымдарымен қызметтес болуға;

3) балалардың  қосымша білім беру ұйымына  күнделікті қатысуын қамтамасыз етуге;

4) Балалар шығармашылық үйінің ішкі тәртібін сақтауға;

 

 

10. Балалар шығармашылық үйінде басқару

10.1. Уәкілетті органның (Степногорск қаласының әкімдігі) келесі өкілеттігі бар:

1)  Балалар шығармашылық үйін  құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Балалар шығармашылық үйінің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) Балалар шығармашылық үйінің бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды№

10.2 Мемлекеттік басқару органының ("Степногорск қаласының білім бөлімі" ММ) келесі өкілеттігі бар:

1) Балалар шығармашылық үйінің даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

2) Балалар шығармашылық үйінің  даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

3) Балалар шығармашылық үйінің  мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

4) Балалар шығармашылық үйінің мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

5) Балалар шығармашылық үйінің  мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10.3. Балалар шығармашылық үйінің басшысы мемлекеттік басқару органына есепті заңды тұлға болып табылады.

10.4. Мемлекеттік басқару органы балалар шығармашылық үйінің  басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.

10.5. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіп бойынша тағайындалады.

10.6. Балалар шығармашылық үйінің басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және кәсіпорын мүлкінің сақталуына жеке жауапты болады.

10.7. Балалар шығармашылық үйінің  басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

10.8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес, басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және балалар шығармашылық үйіні қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

10.9. Балалар шығармашылық үйінің басшысының құзыретіне:

1) Балалар шығармашылық үйінің  атынан сенімхатсыз әрекет етуі және оның мүдделерін барлық органдарда білдіруі;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде балалар шығармашылық үйінің мүлкіне билік етуі;

3) Келісім-шарттар және өзге де мәмілелер жасауы;

4) Сенімхаттар беруі;

5) Банктік есеп-шоттар ашуы;

6) Балалар шығармашылық үйінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығаруы және нұсқаулар беруі;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес балалар шығармашылық үйінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбекшарттарын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларға көтермелеу шараларын қолданады және жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, балалар шығармашылық үйінің  қызметкерлеріне сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітуі;

9) өзінің орынбасарлары мен балалар шығармашылық үйінің  басқа да басшы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін белгілеуі;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

 

 

11. Мектептен тыс жұмыс орталығының  мүлкі

11.1. Балалар шығармашылық үйінің  мүлкін, оның құны теңгерімінде көрсетілетін мектептен тыс жұмыс орталығының  активтері құрайды.

11.2. Балалар шығармашылық үйінің  мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде мектептен тыс жұмыс орталығы  қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

11.3. Балалар шығармашылық үйінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің; өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда); Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

11.4. Балалар шығармашылық үйінің қарамағында тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі бола алады.

11.5. Жедел басқарудағы негізгі құрал-жабдықтарды, мүлікті балалар шығармашылық үйінің  сатуға және сыйға беруге, мәміле жасауға құқығы жоқ, сондай-ақ балалар шығармашылық үйінің  шарттары немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен балалар шығармашылық үйінің  жедел басқаруына түседі.

11.6. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ балалар шығармашылық үйінің шарттары немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен балалар шығармашылық үйінің  жедел басқаруына түседі.

11.7. Балалар шығармашылық үйі сатып алу–сату шарты негізінде негізгі қаражатқа жататын  мүлікті айырбастауға,  сыйға тартуға немесе өзге де мәміле жасау  иеліктен шығаруға құқылы емес.

11.8. Жергілікті атқарушы орган балалар шығармашылық үйіне бекітіліп берілген мүлік Қазақстан Республикасы заңдарына қарама-қайшы келсе, тартып алуға немесе өзара құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

11.9. Балалар шығармашылық үйі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана уәкілетті органның жазбаша келісімімен, өзіне бекітілген мүлікті және қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде, иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен үкім шығаруға құқылы.

11.10. Балалар шығармашылық үйі бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

11.11. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде жергілікті атқарушы орган балалар шығармашылық үйі оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

 

 

12. Балалар шығармашылық үйінің қызметін қаржыландыру

12.1. Балалар шығармашылық үйінің қызметін қаржыландыру, мемлекеттік басқару органымен  бекітілген жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Мектептен тыс жұмыс орталығының шаруашылық қызметі оның жарғыда көрсетілген мақсаттары мен мінедеттерімен, сондай-ақ кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстарымен анықталады.

12.2. Балалар шығармашылық үйінің  даму жоспарын бекіту және жасалу тәртібі жергілікті атқарушы органмен анықталады.

 

 

 

13. Балалар шығармашылық үйінің жұмыс істеу тәртібі

13.1. Балалар шығармашылық үйінің  жұмыс істеу тәртібі ішкі жұмыс тәртібінің ережелерімен, еңбек және  ұжымдық шартпен белгіленеді, сағат 08.00 дан 20.00-ға дейін, демалыс күндері – жексенбі, мерекелік күндеріндегі басшының, орынбасардың, басқа жетекші қызметкерлердің  жұмыс тәртібі еңбек заңнамасына  сәйкес  анықталады, демалыс уақытында аулалық клубтардың жұмыс  тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.  

 

 

14. Еңбек ұжымы мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері

14.1. Балалар шығармашылық үйінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындаєы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

14.2. Бағдарға  сай   педагогикалық және кәсіби  білімі бар, қажет бойынша басшы белгілеген арнайы сынақ мерзімінен және медициналық комиссиядан өткен кез келген Қазақстан Республикасының азаматы  «Әулет» балалар шығармашылық үйінің педагогы бола алады.

14.3. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтары:

1) лауазымына байланысты  балалар шығармашылық үйінің қызметіне қатысуға;

2) орталықты басқаруға қатысуға, қоғамдық органдарға  және әдістемелік кеңестерге сайлануға;

3) балаларды  тәрбиелеу мен оқыту сапасына, егер денсаулықтарына зиян келтірмесе,оқу әдістерін,формасын таңдауда оқушылардың қызығушылығындағы  шығармашылық еңбекке;

4) еңбек келісіміне және біліктілік санатына сәйкес кепілдікті еңбекақы алуға;

5) қолданыстағы заңнамаға байланысты еңбек қорғауға;

6) сенбі, жексенбі күндері демалуға және қызметкерлерінің категориясына және бекітілген демалыс мерзіміне сәйкес жыл сайын берілетін демалысқа шығуға;

7) қолданыстағы заңнамаға,еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болуға.

14.4. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің міндеттері:

1) осы Жарғыны сақтауға;

2) лауазымдық міндеттерін, ішкі тәртіп ережелерін орындауға;

3) оқушыларға құрметпен қарауға ;

4) оқушылардан  санитарлық-гигиеналық тәртіпті  орындауды сақтап, талап етуге;

5) өз еңбегінің нәтижесіне жауап беруге;

6) еңбек ұжымының жалпы жиналысы шешімдерін орындауға;

7)  қолданыстағы заңнамаға, еңбек ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да міндеттерді енгізуге.

14.5. Баланың денесіне немесе психологиялық залал келтіруге себеп болған қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырған тәртіппен жеке жауапкершілікті көтереді.

 

15. Балалар шығармашылық үйінің қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

15.1. Балалар шығармашылық үйінің еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын жергілікті атқарушы орган белгілейді.

15.2. Штаттық кестесi, еңбекақы төлеу үлгісі, ҚР ҮҚ сәйкес, лауазымдық айлықақылар мөлшерiне  байланысты  анықталады.

 

 

16. Халықаралық  ынтымақтастық

16.1. Балалар шығармашылық үйінің  халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасы  негізінде  іске асады.

16.2. Балалар шығармашылық үйі білім саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша  шетелдік білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей  байланыстар орнатып, халықаралық бағдарламаларға қатысып, спорт, туризм, мәдениет, білім саласындағы  халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтар) кіріп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте  ынтымақтастық туралы  екіжақты және көпжақты  келісім шарттарды бекітеді.

16.3. Балалар шығармашылық үйі қызметкерлер мен үйретушілерді  жинау,  шет елдердегі  түрлі  шараларға қатысуға, тәжірибемен алмасуға, жарыстар мен конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға, фестивалдерге жіберу мақсатында  іске асады.

 

 

17. Балалар шығармашылық үйін қайта ұйымдастыру  мен тарату

17.1. Балалар шығармашылық үйін қайта ұйымдастыру мен тарату  жергілікті атқарушы  органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мектептен тыс жұмыс орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде қарастырылған, сонымен қатар басқа да негізде таратыла алады.

17.2. Балалар шығармашылық үйінің қайта ұйымдастыру мен тарату; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісіміне сәйкес, жергілікті атқару органы жүзеге асырады.

17.3. Таратылған балалар шығармашылық үйінің мүлкін кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгісін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған шығармашылық және спортты дамыту орталығының ақшасы, Балалар шығармашылық үйінің мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, жергілікті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

 

                  18. Жарғыға қосымшалар мен өзгерістер енгізу тәртібі.

18.1. Коммуналдық кәсіпорын балалар шығармашылық үйінің Жарғысына қосымшалар мен өзгерістерді жергілікті атқарушы органдар енгізеді  немесе уәкілетті мүлікті  иелік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарға уәкілеттік береді.


Текст