Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылы 21 акпандаты Nº 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату кағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде Nº 7495 болып тіркелген) және 2016 жылы 27 қаңтардағы Nº 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (бұдан әрі — Nº83 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде Nº 13317 болып тіркелді) БҰЙЫРАМЫН:
1. Техникалык жоне кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (бұдан әрі - кандидат), педагогикалық қызметті қайта бастағысы келетін адамдар үшін педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі - тестілеу) мерзімі 2023 жылы 13 қарашадан 17 қарашаға дейін белгіленсін.
2. Казакстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінін «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі- Ұлттық тестілеу орталығы) «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі - «U-FUTURE» ЖШС) («Өңірлік тестілеу орталығы және педагогикалық құзіреттілік»жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктін 2019 жылы 16 казандагы Nº 2 шарттын негізінде) бірлесіп тестілеуді жургізу рәсімін ұйымдастырсын.