"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРЫНЫ.
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ  АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

, )N\vzq"EhھwX'

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылдың 2 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ішкі мониторингі бойынша БЖШО МҚКК-ның ақпараты

01.07.2022

2022   жылдың   2 тоқсанына  мемлекеттік   қызмет   көрсету  сапасының  ішкі   мониторингі  бойынша  БЖШО  МҚКК-ның ақпараты

       «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы  бойынша білім беру бөлімінің жанындағы «Степногорск қаласының Балалар- жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны заңды тұлға мәртебесіне ие және «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» және басқа да нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.  Мекенжай деректері: Степногорск  қаласы, 7 шағын ауданы  56 ғимарат, телефоны: (871645) 3-18-57, факсы: (871645)5 32 00.       "Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес ұйым 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді :"Балаларға   қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";

"Мектепке дейінгі   тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау".

"Балаларға  қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген және оларға 2022 жылғы 01.03.енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүргізілед

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығымен бекітілген, педагогтерді аттестаттаудан өткізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

        БЖШО МКҚК көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы барлық ақпарат ұйымның  ресми сайтында орналасқан, онда ережелер, қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері және қажетті құжаттар орналасқан. Сондай-ақ, бұл ақпарат  БЖШО  ғимаратының фойесінде орналасқан.

Барлық   қызметтер  негізгі талаптарды сақтай отырып, нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

2022 жылдың 2 тоқсанында  көрсетілген  қызметтер саны- 9, 2022 жылы барлығы  42  мемлекеттік  қызмет көрсетілді.

ММ-нің   қызмет  көрсетуінен  бас тарту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағымдары, мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімдеріне  бұзушылықтары жоқ.               

2022 жылдың мамыр айында БЖШО  МКҚК-ның  3 қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Техникалық жабдықтау барлық қажетті талаптарға сәйкес келеді.

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі қағаз нұсқада көрсетіледі, өйткені осы қызмет түрін көрсетудің цифрлық форматы әзірлену үстінде.

Қорытынды: БЖШО МКҚК-ның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысы  қанағаттанарлық деп танылсын. 2022 жылғы 1 тамыздан бастап кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы алушылардың қызметтерін ақпараттандыру  бойынша  түсіндіру  іс-шараларын жүргізуді жандандыру.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст